Біздің команда
«Таза Қазақстан» платформасының артында жергілікті жерлердегі үйлестірушілерден бастап цифрлық сервистерді әзірлеушілерге дейін пікірлес жандардың ашық қауымдастығы тұр.
Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» бастамасы миллиондаған қазақстандықты қарапайым әрі терең құндылықтың - «Таза ой - Таза іс» қағидатының айналасына біріктіреді.
«Таза Қазақстан» абаттандыруға бағытталған қолданбалы акциялардан жаңа мінез-құлық этикасы деңгейіне көтерілді. Бұл мәртебе ҚР Президентінің 2025 жылғы 5 қарашадағы Жарлығымен елдің ішкі саясатының негізгі қағидаттары қатарында ресми түрде бекітілді.
Бүгінгі басты міндетіміз - идеологияны жоғарыдан таңбай, «Адал Азамат» құндылықтарын ісімен дәлелдеп жүрген азаматтардың шынайы үлгілерін көрсету арқылы қоғамның күнделікті өмірінде жауапкершілік мәдениетін табиғи жолмен орнықтыру.
«Таза Қазақстан» платформасының артында жергілікті жерлердегі үйлестірушілерден бастап цифрлық сервистерді әзірлеушілерге дейін пікірлес жандардың ашық қауымдастығы тұр.
Платформа жұмысының барлық қатысушылар (азаматтар, ұйымдастырушылар және серіктестер) үшін ашық, қауіпсіз әрі түсінікті болуы мақсатында жоба қызметі ішкі регламенттермен реттеледі.